Қарақияда экологиялық тұрақтылық пен жер қойнауын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында аймақтың экологиялық ахуалын сауықтыру және жер қойнауын пайдалану мәселелерін реттеу мақсатында тұрғындармен кездесу өтті.

Табиғи ресурстар басқармасы ұйымдастырған жиынға басқарма басшысы Ә. Балманова, облыстық мәслихат депутаты М. Рзаханов және экология департаментінің басшысы А. Жүсіпқалиев қатысты.

Ашық диалог алаңында аудан аумағындағы карьер иелері, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының арасындағы қордаланған мәселелер талқыланды.

Жиында өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту және заң талаптарының орындалуы сөз болды.

Басшылық карьерлерді игеру кезінде шаңды мейілінше төмендету, қалдықтарды залалсыздандыру және жерді рекультивациялау (қайта қалпына келтіру) міндеттемелерін қатаң ескертті.

Кәсіпкерлерді жергілікті халықтың денсаулығы мен әлеуметтік жауапкершілікті бірінші орынға қоюға шақырды.

Сұрақ-жауап кезінде Қарақиялықтар экологиялық қолайсыздықтарға қатысты ұсыныстарын ашық жеткізді.

Экология департаментінің басшылығы тұрғындардың әрбір арызы назарға алынатынын, тиісті әкімшілік шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

Қарақия ауданы әкімдігініі баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1223995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді