Қауіпсіз терезелерге назар аударыңыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанда балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Облыс аумағында қазірдің өзінде 4 оқиға тіркелді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының айтуынша, қайғылы жағдайлар көбіне ата-аналар пәтердегі ашық терезелерді ұмытып, балаларды бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырған кезде орын алады.

«Оқиғалардың алдын алып, балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін арнайы құрылғыларды міндетті түрде орнату маңызды. ШҚО ТЖД тарапынан ата-аналар арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аяулым Кекиева.

ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен қорғаныс құрылғыларын орнату акцияларын өткізуде. Бүгін Глубокое ауданындағы көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың үйлерінде ШҚО ТЖД қызметкерлері балаларды жазатайым оқиғалардан қорғауға көмектесетін арнайы терезе бекіткіштерін орнатты.

ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:

– Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз;

– терезе маңына жиһаз қоймаңыз;

– терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталуы тиіс;

– бала өздігінен аша алмауы үшін  тұтқасын бұғаттаңыз;

– балаңызды терезе алдына шығып, көшені бақылауға үйретпеңіз, ол сіз жоқ кезде қайталауы мүмкін;

– масадан қорғайтын тор баланы құлаудан сақтамайтынын ұмытпаңыз.

Балалардың қауіпсіздігі тек Сіздің қолыңызда!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112  нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1224276?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді