
Биылғы 17–20 мамыр аралығында Астана қаласында велотректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. Елдің үздік спортшылары қатысқан жарыста спорт мектебінің тәрбиеленушісі Маркшталер Артем жоғары нәтиже көрсетті.
Артем 3 шақырымдық жеке қуу жарысында жеңімпаз атанып, чемпионаттың алтын медалін иеленді.
Бұл жеңіс — спортшының табандылығының, қажырлы еңбегінің және мықты мінезінің нәтижесі. Артем өз мектебі мен өңірінің намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
Маркшталер Артемті жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1224493?lang=ru

Жауап қалдыру