
2026 жылы 17-25 мамыр аралығында Пусан қаласында (Корея Республикасы) физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтуде. Аталған білім сайысына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан астам елден шамамен 240 оқушы қатысады. Олимпиада аясында қатысушылар ұзақтығы бес сағаттан тұратын теориялық және эксперименттік турларда бақ сынап, сондай-ақ өңірдің үздік жас физиктерімен ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстан командасының құрамасы:
Әмірбек Азатбеков – Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 12-сынып оқушысы;
Роман Черемнов – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Нұргүл Егенбергенова – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадір – Қостанай облысындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Дамир Құрман – Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Мерген Сабыров – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Арғын Сейткамит – Астана қаласындағы NIS «Астана-Нура» мектебінің 11-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Қасымхан Байсейітов – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Даулет Құрмантаев – физика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және төрт қола медаль иеленді. Сонымен қатар Нұргүл Егенбергенова қыздар арасындағы үздік қатысушы ретінде «Best Female» арнайы сыйлығымен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1223765?lang=ru

Жауап қалдыру