Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметі қызметкерлерімен жылу-түтін камерасында тәжірибелік жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығу барысында газ-түтіннен қорғаушылар арнайы тыныс алу аппараттарын пайдаланып, шектеулі көріну жағдайында зардап шеккен адамды іздеу және эвакуациялау, шартты өрт ошағын анықтау, қауіпсіз бағытпен қозғалу тәсілдерін іс жүзінде орындады. Сонымен қатар қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауы мен белгіленген уақыт нормативтерін орындауына ерекше назар аударылды.
Жауап қалдыру