
Елордада Халықаралық отбасы күніне орай құтқарушылардың отбасылары арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Спорттық сайыстар барысында қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Урмановтар отбасының «Гаухар» тобы жеңімпаз атанды.
Спорттық мереке қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсті.
Мұндай шаралар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, отбасы мүшелерінің өзара байланысын күшейтуге және ұжымдық рухты арттыруға ықпал етеді. Салауатты әрі тату отбасы – қоғамның берік негізі екені тағы бір мәрте дәлелденді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1223768?lang=ru

Жауап қалдыру