Қызметке адалдықтың жарқын үлгісі: Арман Сартаевты құрметті еңбек демалысына шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін азаматтық қорғау подполковнигі Арман Молдатаевич Сартаевты құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды. Арман Молдатаевич қызмет жолында өзін білікті маман, тәжірибелі басшы және жас мамандарға бағыт-бағдар берген тәлімгер ретінде көрсетті. Оның еңбек жолы – адалдықтың, жауапкершілік пен кәсібіне деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Өрт сөндірушілердің игі дәстүріне сәйкес әріптестері оны жылы лебіздермен, ақжарма тілектермен шығарып салып, құрмет белгісі ретінде сумен шығарып салу рәсімін жасады. Бұл – қызмет жолына көрсетілген құрмет пен жаңа өмір кезеңіне жасалған ізгі қадамның белгісі. Жамбыл облысы ТЖД ұжымы Арман Молдатаевичке көпжылдық мінсіз қызметі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасылық бақыт пен алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1223774?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді