Қызылорда облысының Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде жеке құрам арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау және туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жиынды Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубәқабылұлы ашып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби әдебі мен халық сенімін сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сеніміне зор қауіп төндіретінін атап өтті. Сондай-ақ ішкі істер органдары қызметкерлері үшін адалдық, заңдылық, әділдік пен тәртіп басты қағида болуы тиіс екенін жеткізді. – «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты – кез келген құқық бұзушылыққа, қызметтік әдепті бұзуға және заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау деген сөз. Әрбір қызметкер халық сенімін ақтап, кәсіби абыройды жоғары ұстауы қажет, – деді полиция полковнигі Оралбек Тәубәқабылұлы. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп нормаларын ұстануы, сондай-ақ туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Шара соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір қызметкердің ортақ міндеті екені атап өтіліп, заңға адал қызмет ету Отанға қызмет етудің маңызды көрінісі екені айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1223868?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді