Республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңін қорытындылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткен республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңін қорытындылады.

Байқау 10-13, 14-17 жас санаттары бойынша өтті. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды, оның ішінде біздің оқушылар:
10-13 жас санатында:
“Тірі ғаламшар” номинациясы бойынша:
3 орын: Ерболова Ясмин, «Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК. Педагог: О.Ю. Яцкова

14-17 жас санатында:
«Қазақстан бояулары: Менің шаңырағым – Қазақстан Республикасы» номинациясы бойынша:
2 орын: Летяга Карина, «Әубәкір Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебі» КМҚК. Педагог: И.В. Бабакова

“Тірі ғаламшар” номинациясы бойынша:
1 орын: Башанова Наргиз, «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ. Педагог: Д.Н. Альханов

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Байқау шарттары бойынша номинациялар бойынша I орын алған жеңімпаздардың жұмыстары қашықтықтан республикалық кезеңге жіберілетін болады. Осы байқаудың республикалық кезеңінде Наргизге сәттілік тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1224494?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді