
«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 14 мамырда Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Мақсаты: өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту.
Байқауға қатысу үшін облысымыздың түкпір- түкпірінен 56 оқушы қатысып, 8 өтінім қабылданды. Әділқазы алқасы келесідей шешім шығарды І- орынды Шахтинск қаласының Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің «Айболит» қойылымы иеленді. Сонымен қатар, мектеп «Образды үздік актерлік бейнелеу» номинациясын иеленсе, Талғатқызы Айлин «Үздік жас актриса» номинациясымен марапатталды.
Білім бөлімі театр ұжымын және оның жетекшісі Ниетпаева Зәуреш Ерманқызын лайықты жеңістерімен құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1224497?lang=ru

Жауап қалдыру