Сәйкестік декларациясы-ҚР Құрылыс кодексінің жаңа тәсілдері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылау мәселелеріне қатысады.

Департамент объектілерді бейімдеу, кедергісіз орта талаптарының сақталуы мәселелерін қараймыз, сондай-ақ профилактикалық бақылау шеңберінде және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу аясында тиісті түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.

Қолжетімділік бөлігінде пандустардың, санитарлық тораптардың, кіреберіс топтарының, лифтілердің, тактильді көрсеткіштердің, қозғалыс жолдарының және қолжетімді ортаның басқа да элементтерінің болуы мен сәйкестігі тексеріледі.

Жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануымен құрылыс процесіне қатысушылардың барлығының жауапкершілігі күшейтілуде.

Бүгінгі басты назар — объектіні жай ғана салу емес, оның қауіпсіздігін, функционалдылығын және халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Құрылыс кодексінің жаңа тәсілдеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап аумақтық департаменттерге мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі бөлігінде Сәйкестік декларациясын келісу құзыреті бекітілді.

Сәйкестік декларациясы — салынған объектінің заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкес келетінін растайтын ресми құжат.

Яғни, бұл объектінің қауіпсіз пайдалануға дайын екенін және белгіленген талаптарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкес екенін растайды.

Бүгінде мемлекет құрылыс жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар объектілердің сапасына, қауіпсіздігіне және халық үшін қолжетімді болуына баса назар аударып отыр.

Кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Шын мәнінде, кедергісіз орта тек мүгедектігі бар адамдарға ғана емес, сонымен қатар халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына — қарт адамдарға, балалы аналарға және жарақат салдарынан уақытша мүгедектік алған адамдарға да қажет.

Заманауи объект денсаулық жағдайына, жасына немесе қозғалу ерекшеліктеріне қарамастан әрбір адамға ыңғайлы болуы тиіс.

Қолжетімділік мәселелерінің құрылыс аяқталғаннан кейін емес, жобалау кезеңінде ескерілуі өте маңызды.

Талаптар неғұрлым ерте сақталса, объект соғұрлым сапалы әрі қауіпсіз болады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес:

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу — лауазымды адамдарға елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1224454?lang=ru