Шетелге шығатын азаматтарға Эбола қызбасының алдын алу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Эбола қызбасы — негізінен Африка елдерінде тіркелетін, ағымы ауыр аса қауіпті вирустық ауру. Инфекция көзі – жұқтырған жануарлар мен науқас адам. Жұқтыру қанмен, биологиялық сұйықтықтармен және ластанған заттармен байланыс кезінде болады. Инкубациялық кезеңі 2-21 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері: жоғары дене қызуы, әлсіздік, бас және бұлшықет ауруы, құсу, диарея, бөртпе және қан кету.
🌏ДДҰ Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.
🌐ДДҰ және CDC бағалауынша, індеттің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне таралу қаупі төмен деңгейде қалып отыр, себебі індет ошағы бар аймақтармен тікелей тұрақты әуе қатынасы жоқ.
☝️Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Эбола қызбасы тіркелген жоқ. Оаған қарамастан Эбола бойынша қолайсыз елдерден келетін тұлғаларға қатысты санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде қашықтықтан термометрия және инфекцияның әкелінуінің алдын алуға бағытталған басқа да профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.
✅️Эндемиялық елдерге шығатын азаматтарға арналған ұсынымдар:
🔖1. Эбола қызбасы тіркелген Африка елдеріне, әсіресе балалармен бірге, барудан бас тарту.
🔖2. Жабайы жануарлармен (приматтармен, жарқанаттармен) және инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен байланыстан аулақ болу.
🔖3. Жабайы жануарлар сатылатын базарларға бармау, тек қауіпсіз су мен термиялық өңдеуден өткен тағамдарды пайдалану, жеке профилактика және гигиена шараларын сақтау.
🔖4. Елге оралғаннан кейін 21 күн ішінде дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, құсу, диарея және басқа да белгілер пайда болған жағдайда — дереу медициналық көмекке жүгініп, шетелде болғаны туралы хабарлау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1224099?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді