ШҚО-да «Абайлаңыз – балалар!» республикалық алдын алу шарасы өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы демалыс қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Абайлаңыз – балалар!» республикалық алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

-Аталған кезеңде Әкімшілік полиция басқармасы білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстарды бастады. Қалалар мен елдімекендердің көше-жол желісіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолға тікелей шығатын мектептердің маңына 2 000 шаршы метрден астам көлденең жол таңбаларын салу жұмыстары басталды. Сонымен қатар білім беру нысандарының жанындағы жасанды жол кедергілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді ШҚО Полиция департаментінде.

Аталған бағытта 55 жасанды жол кедергісін орнату жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1224266?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді