Ақтау қаласында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде облыстық прокуратураның бастамасымен «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушылары арасында театр байқауының облыстық финалы өтті.
Аталған жобаның ерекшелігі – мектеп оқушыларын театр өнері арқылы өзекті әлеуметтік мәселелерді шығармашылық тұрғыда зерделеуге тартуында. Бұл жастардың құқықтық мәдениетін, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді.
Қалалық және аудандық деңгейде өткізілген іріктеу кезеңдеріне 585 мектеп оқушысы мен 122 мұғалім қатысты.
Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, театр сахнасында өз қойылымдарын ұсынып, жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық көзқарастарын көрсетті.
Облыстық финал қорытындысы бойынша Бас жүлдені Жаңаөзен қаласының мектептердің «Алау» командасы иеленді.
Бірінші орынды Мұнайлы ауданың мектеп командасы, екінші орынды Қарақия ауданынан қатысқан команда, ал үшінші орынды Бейнеу ауданындағы мектеп командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жобаны жүзеге асыру өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тәрбиелік жұмыстың заманауи форматтары арқылы жастарды дамытуға бағытталған.
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1224782?lang=ru

Жауап қалдыру