Шымкент қаласы Полиция Департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, 18–28 мамыр аралығында өткізілетін «Бала қауіпсіздігі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеден тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту, бағдаршам талаптарына бағыну, жол бойында ойын ойнамау, сондай-ақ велосипед, самокат және мопедті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, бітіруші сынып оқушыларына 25 мамыр — соңғы қоңырау мерекесі кезінде автокортеж ұйымдастыруға, көлік құралдарының терезесі мен люгінен шығуға, жол қозғалысына кедергі келтіруге, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтіні ескертілді.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын түсіндіріп, балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.

Заң мен тәртіпті сақтау — баршамызға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1224168?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді