Соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласындағы Абай атындағы мектепте 25 мамыр — Соңғы қоңырау мерекесіне байланысты оқушыларға, ата-аналарға және мектеп бітіруші түлектерге арналған түсіндірме сабағы өткізілді. Іс-шара барысында Әкімшілік полиция басқармасы Үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция капитаны Нысанкулов Бауыржан және Үгіт-насихат тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Рахманберді Ақбота мерекелік күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында көлік кортеждерін ұйымдастыруға, жол қозғалысы ережелерін бұзуға, автокөлік терезесінен шығуға, қатты дыбыс қоюға және заңға қайшы әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынатығы ескертілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқушылар мен ата-аналарды мерекені мәдениетті, қауіпсіз әрі тәртіп сақтай отырып атап өтуге шақырып, әр азаматтың өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың амандығына жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін атап өтті. Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1223880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді