
Су айдындарындағы қауіпсіздік: Әркім білуі тиіс басты ережелер 🌊
Су жағасындағы демалыс әрқашан жағымды әрі көңілді өтуі үшін қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған жөн. Сәтті демалыстың басты шарттарын еске саламыз:
🛑 рұқсат етілген жерлерді таңдаңыз
Шомылуға арнайы жабдықталған, су түбі тексерілген және құтқарушылар кезекшілік ететін жағажайларды ғана пайдаланыңыз. Бейтаныс әрі «жабайы» су айдындарына түсу өте қауіпті.
🛑 Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
Балалар судың жанында болғанда, тіпті тайыз жерде жүрсе де, оларды бір секундқа да назардан тыс қалдыруға болмайды.
🛑 Суға бірден секірмеңіз
Дене қызып тұрғанда суға бірден қойып кетуге болмайды. Температураның кенет өзгеруінен бұлшықеттер тартылып (судорога), тыныс алу тарылуы мүмкін. Суға жайлап кірген абзал.
🛑 Ішімдіктен аулақ болыңыз
Су айдынындағы қайғылы жағдайлардың көбі спирттік ішімдік ішудің салдарынан болады. Алкоголь адамның өз-өзін бақылауын және қауіпті сезу қабілетін төмендетеді.
🛑 Күшіңізді артық бағаламаңыз
Жағадан тым алысқа немесе қоршау белгілерінен (буйек) асып жүзбеңіз. Су ағысы мен тереңдік кез келген уақытта сыр беруі мүмкін.
Демалысыңыз қызықты әрі ең бастысы қауіпсіз болсын! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1224399?lang=ru

Жауап қалдыру