
Шығыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында сумен жабдықтау объектілерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы және жер асты су құдықтарының (ұңғымалардың) ластануының алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Өскемен және Күмістау жол дистанцияларының, «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС-нің және «Dosjan temir joly» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының өкілдері қатысты. Кеңес барысында орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілерінің ағымдағы санитариялық-техникалық жай-күйі, су тасқыны қаупі бар аумақтардағы дайындық шаралары, сондай-ақ өндірістік бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, сумен жабдықтау объектілерінің өкілдеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсатындағы су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген «Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық су пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтері» талаптары түсіндірілді. Кездесу қорытындысы бойынша ауыз сумен жабдықтау суының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1223604?lang=ru

Жауап қалдыру