
12 мамырда құқықтық мәдениетті арттыру, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйғарымға жататын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге осы үшін бөлінбеген орындарда немесе құмар ойындарда қатысу мақсатында телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде іскерлік этикетті, ресми мінез-құлық Қағидаларын, сыртқы түрін сақтау мәселелері бойынша өткізілетін ойындарда және (немесе) бәс тігуде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Басқармасының қызметкерімен Д.С.Салгаринамен кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына жол бермеуге қатысты талаптарды сақтаудың өзекті мәселелері қаралды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomsko/press/news/details/1224757?lang=ru

Жауап қалдыру