Талдықорғандықтар музейлер күні кең көлемде атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Өткеннің ізі, болашақтың тілі» атты мәдени іс-шара өтті.

Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы, Жетісу өңірінің зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Іс-шара барысында музей қызметкерлері марапатталып, жасанды интеллект жылына орай қала оқушыларының робототехника, жаңа технологиялар және жасанды интеллект саласындағы жетістіктері таныстырылды. Атап айтқанда, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі және TkRobotics робототехника мектебі дайындаған роботтардан құралған «Роботтар әлемі» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, робототехника бойынша шеберлік сағаттары өткізілді.

Мереке аясында музей залдарында жаңартылған форматтағы экскурсиялар, QR-кодтар арқылы таныстырылымдар, интерактивті көрмелер, танымдық кездесулер, квест ойындары, Марат Хасеновтың жеке коллекциясы және концерттік бағдарлама көрермендерге ұсынылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1223780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді