
20 мамыр күні облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі, оқу-өндірістік ісі жөніндегі басшы орынбасарлары мен әдіскерлеріне арналған облыстық әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ әдістемелік қызметті дамыту бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға 2026 жылға арналған педагогтерді аттестаттау ережелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1224631?lang=ru

Жауап қалдыру