
Бұқар жырау ауданының білім бөлімінде жоспарға сәйкес мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұ.Б. Бөрібаева мен Н.Ж. Абиханова 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тексеру жоспарына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуына мерзімді тексеру жүргізді.
Тексеру барысында мекемедегі іс қағаздарының жүргізілуі, электрондық құжат айналымы, сондай-ақ ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланған көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкестігі зерделенді.
Анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында аудандық білім бөлімі мамандарына тиісті әдістемелік ұсынымдар берілді.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірдегі 15 мемлекеттік мекемеде тіл туралы заңнаманың орындалуына қатысты мерзімді тексеру жұмыстары жүргізіледі.
#қарағандыоблысыныңтілдердідамытужөніндегібасқармасы #тілтуралызаң

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1224295?lang=ru

Жауап қалдыру