Түнгі рейдтер: полиция ата-аналарды балаларын бақылауды күшейтуге шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында ювеналдық полиция инспекторлары жүргізген профилактикалық рейдтер барысында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 3 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды.

Сонымен қатар, полицейлер ойын-сауық орындарында заңмен тыйым салынған уақытта жүрген 173 жасөспірімді анықтады.

Профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларға қатысты қылмыстарға жол бермеу мақсатында тұрақты түрде өткізілуде.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруі түрлі төтенше жағдайларға, құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуға және басқа да жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Рейд барысында инспекторлар кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе, заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігіне ерекше назар аударылуда.

Полиция ата-аналарды балаларының жүрген жерін бақылауды күшейтуге, әсіресе кешкі және түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауға, сондай-ақ олардың араласатын ортасына көңіл бөлуге шақырады.

Баланың өміріне ата-ананың дер кезінде көңіл бөлуі – құқық бұзушылықтың алдын алудың және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1224737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді