ТЖМ басшысы Астанадағы ведомстволық нысанды жаңғырту барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Астана қаласында жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов «Резерв» РМК әкімшілік ғимаратын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

  Аталған нысан 1961 жылы пайдалануға берілген және ұзақ уақыт бойы кешенді жаңартусыз жұмыс істеп келген. Қазіргі уақытта инфрақұрылымды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

  Жаңғыртудың қазіргі кезеңі аясында Мемлекеттік материалдық резерв комитеті қызметкерлерін орналастыруға арналған бөлмелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кабинеттері жаңартылып, ішкі жоспарлау өзгертілді, мәжіліс залы мен ас қабылдау бөлмесі жабдықталды. Бұған дейін ғимаратта қызметкерлерге арналған жаттығу залы, душ бөлмелері және кафетерий ашылған болатын.

  Сонымен қатар, «Резерв» РМК жедел басқару орталығы мен операторлық бөлімін жаңартуға ерекше назар аударылды. Жұмыс орындары заманауи құралдармен жабдықталып, нысандар мен филиалдарды үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйесі енгізілді. Сондай-ақ кеңестер өткізуге және бейнебайланыс ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалды.

  Нысанды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Олар қызметкерлер үшін заманауи әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыруға және мекеме қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgmr/press/news/details/1224108?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді