
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының жаңа әкімі сайланды
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №11 шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімі болып сайланған Ермуханов Амандык Келдибаевичті тіркеді.
Ермуханов Амандык Келдибаевич – 1987 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1224691?lang=ru

Жауап қалдыру