
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Халықаралық Жер күніне арналған «Жасыл әлем» қалалық экологиялық акциясы өз мәресіне жетті.
Акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушыларды «жасыл қорды» қорғау және сақтау жұмыстарына тарту, сондай-ақ жасыл желектерді отырғызу және оларды күтіп-баптау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерту.
Акция қорытындысы бойынша үздіктер анықталды:
I орын — №32 ЖОББМ
II орын — №7 ЖОББМ, М. Әуезов атындағы ЖОББМ
III орын — №40 ЖОББМ
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, табиғатқа жанашырлық танытып, қаламыздың тазалығы мен экологиялық әл-ауқатын сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1223828?lang=ru

Жауап қалдыру