
2026 жылғы 14 мамырда Қостанай қаласының №2 сотының қаулысымен ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясы) жазасын өтеп жүрген сотталған Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзғаны үшін орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылды.
Шешім Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабы негізінде сотталғанның жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқын сипаттайтын материалдарды қарау нәтижесінде қабылданды. Аталған шара белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге және режим талаптарын одан әрі бұзудың алдын алуға бағытталған
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1224411?lang=ru

Жауап қалдыру