
Жетісу облысы Полиция департаментінде кәсіби даярлық сабақтары аясында қызметкерлердің дағдарыстық жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығын арттыруға бағытталған теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.
Оқу барысында психологиялық тұрғыдан тұрақсыз күйдегі адамдармен жұмыс істеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды зерделеуге ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге әрекет етудің негізгі алгоритмдері, қарым-қатынас тактикасы, сондай-ақ эмоционалдық тұрақсыздық белгілерін дер кезінде анықтау және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу тәсілдері түсіндірілді.
Практикалық бөлімде оқу-жаттығулар, тренингтер және ситуациялық тәжірибелер ұйымдастырылып, олардың барысында қызметкерлер жедел әрекет ету және алған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдыларын жетілдірді. Мұндай сабақтар полицейлердің кәсіби қасиеттерін дамытуға, психологиялық төзімділігін нығайтуға және күрделі жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыруға ықпал етеді.
«Полиция қызметкерлерінің жұмысы жоғары дене және кәсіби даярлықты ғана емес, сонымен қатар күйзелісті әрі стандарттан тыс жағдайларда сауатты әрекет ете білуді талап етеді. Өткізілген сабақтар әрбір қызметкердің жедел түрде дұрыс шешім қабылдап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болуына бағытталған», — деп атап өтті Полиция департаментінің психологтары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1223704?lang=ru

Жауап қалдыру