
2026 жылғы 18 мамырда Жітіқара политехникалық колледжінің «Бухгалтерлік есеп» мамандығының оқушылары үшін Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппаратында және Мансап орталығында мемлекеттік органдардың жұмысымен танысу және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін Ашық есік күні өтті.
Балаларға Жітіқара қаласы әкімі аппаратының әрбір бөлімі: қаржы бөлімі, ТКШ бөлімі, ұйымдастыру-құқықтық бөлімі немен айналысатындығы айтылды, оқу бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметке кіруге шақырылды, мемлекеттік қызметте жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтылды.
Мансап орталығында еңбек қызметін бастау үшін жақсы мүмкіндік ретінде жастар практикасынан өту тәртібі түсіндірілді.
Балалар болашақта мемлекеттік қызметтің пайдасына өз таңдауын жасайды деп үміттенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1223906?lang=ru

Жауап қалдыру