
🏫 Қандыағаштағы жаңа «Келешек мектебінде» «Жас ғалым» жобасы іске қосылды
⚜️ Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды.
📚 Қандыағаш қаласында өңір басшысы алдымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №6 мектепті аралады. Білім беру мекемесі биыл мамыр айының басында ашылды. Мектеп 600 орынға шақталған.
🌟 Мектеп кіреберісінде облыс әкімін білім саласының ардагерлері қарсы алды. Олар балалардың сапалы білім алуы үшін заманауи жағдай жасалғаны үшін Президентке алғыс білдіріп, бүгінде ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім алып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктері айтарлықтай артқанын атап өтті.
🔬 Мектепте Асхат Шахаров оқу кабинеттерін, STEM-зертхананы, робототехника және информатика кабинеттерін, спорт залдарын, шеберханаларды және мектеп кітапханасын аралап, оқушыларға жасалған жағдайлар мен материалдық-техникалық жабдықталу деңгейімен танысты.
📌 Облыс әкімі сондай-ақ құрылған инфрақұрылымның сапасын, заманауи білім беру кеңістіктерінің уақыт талабына сәйкестігін алға тартып, педагогикалық ұжыммен мектепті одан әрі дамыту және оқу процесінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
⚪️ Педагогтер облыс әкіміне оқу орнының білім беру процесіне енгізілген «Жас ғалым» жобасы және оның беретін мүмкіндіктері туралы айтты.
🔵 Мектеп директоры Нұрбол Ибраев жобаға Қ. Жұбанов атындағы өңірлік университеттің оқытушылары үлкен қолдау көрсетіп отырғанын тілге тиек етті.
Мектепті аралау барысында өңір басшысы қазақ әдебиеті сабағы өтіп жатқан оқу кабинеттерінің біріне кірді. Оқушылармен әңгіме барысында Асхат Шахаров балалық шағында алған тәрбиесі туралы естеліктерімен бөлісіп, өмірлік құндылықтардың қалыптасуында отбасы мен әженің рөлі ерекше екенін жеткізді.
📚 Өңір басшысы мектеп кітапханасын да аралады. Мұнда ол педагогтермен кітап оқу мәдениеті мен кітаптың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы әңгімелесті.
🏛️ Білім беру мекемесінің акт залында облыс әкімінің жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Асхат Шахаров Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан білім беру жобалары ең алдымен балалардың болашағына, олардың жан-жақты дамуына бағытталғанын сөз етті. перевод и заголовок
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-hazretov/press/news/details/1225750?lang=ru

Жауап қалдыру