
Шара барысында әріптесіміз, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сафиуллин Нұртас Набиоллаұлының «Ақ орамал» кітабы көпшілікке таныстырылды.
Кітапқа қасиетті Қаратөбе жерінің тумасы Зәру Құдабайқызының кейінгі ұрпаққа аманат еткен өнегелі әңгімелері арқау болған.
Ақ орамал — ананың абыройы, әйелдің қадір-қасиеті мен ұлт тәрбиесінің символы. Кеш барысында ел аналары өмірден түйген тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтардың маңызын насихаттады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1225439?lang=ru

Жауап қалдыру