19 жылдан кейін нәтиже берген саусақ іздері: Ақмола облысында криминалистер бұрын жасалған ұрлықтың бетін ашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында полицейлер 20 жыл бұрын жасалған ақша ұрлығын ашты. 2007 жылы оқиға орнынан алынған саусақ іздерінің арқасында күдіктінің ізіне түсуге мүмкіндік туды.
Қылмыс 2007 жылдың қараша айында Атбасар қ. орын алған. Қаскөйдің әрекетінен зардап шегуші – шаруа қожалықтарының бірінің иесі болды. Гаражда тұрған көліктен 300 мың теңге ұрланған, ол кезде бұл қомақты ақша болатын.
Жәбірленушінің өтінішінен кейін полиция қызметкерлері бірден қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенімен күдіктіні ізін суытпай анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар, криминалистер оқиға орнын мұқият пысықтап, саусақ іздерін тәркіледі.
Осы жылдар ішінде қылмыстық іс ашылмаған күйде қалды. Алайда, 2026 жылдың көктемінде Атбасар жедел уәкілдері күдікті қаскүнемнің ізіне қайта түсті. Жергілікті тұрғын есірткімен байланысты қылмыс фактісі бойынша полицейлердің назарына ілікті.
Тергеу барысында ер адамнан саусақ іздері алынды. Криминалистикалық есептер тексерілгеннен кейін, жиырма жыл бұрын ұрланған жерде табылған іздермен толығымен сәйкес келетіні анықталды.
Қазіргі уақытта сотталушының жасалған қылмысқа қатысы анықталды. Ер адамнан мойындау айғақтары алынды.
Полицейлер өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыру жөніндегі жұмыс ерекше бақылауда тұрғанын атап айтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1225627?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді