2026 жылғы 19 мамыр күні «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Даму» әдістемелік қолдау мектептері» жобасы аясында «Білім беру үдерісінде сыни ойлауды дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында облыстық әдістемелік десант өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 мамыр күні «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Даму» әдістемелік қолдау мектептері» жобасы аясында «Білім беру үдерісінде сыни ойлауды дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында облыстық әдістемелік десант өтті.
Іс-шараға «Даму» жобасына қатысушы мектептердің педагогтері қатысты. Бағдарлама аясында ағылшын тілі, математика, орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану пәндері бойынша ашық сабақтар, сондай-ақ білім алушылардың сыни ойлауы мен функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған шеберлік сыныптары өткізілді.
Педагогтер заманауи білім беру технологияларын, белсенді оқыту әдістері мен инновациялық тәсілдерді қолданудағы тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара «Психологиялық трамплин» рефлексиясымен қорытындыланды. Қатысушылар әдістемелік десанттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығы мен қарастырылған мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225441?lang=ru