
2026 жылғы 20 мамырда Ұлытау облысының Әділет департаментінің басшысы Ұлытау облысының жеке нотариустарымен, адвокаттарымен, жеке сот орындаушыларымен және кәсіби медиаторымен бірлесіп, Малшыбай ауылы клубының ғимаратында халықпен кездесу өткізді. Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сот актілеріне заңда белгіленген тәртіппен шағымдану жолдары, сондай-ақ сот жүйесіне деген сенімді арттыру және оның тәуелсіздік қағидаттарын түсіну бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушылар 2026 жылғы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын және алаяқтық әрекеттердің, соның ішінде интернет пен телефон алаяқтығының алдын алу, олардың негізгі белгілері мен олардан қорғану тәсілдері мәселелерін талқылады. Іс-шара соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1224865?lang=ru

Жауап қалдыру