Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәріс оқыды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың конституциялық реформалар аясындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне арналған дәрісі өтті.

        Сөз сөйлеу барысында Омбудсмен студенттерге адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық стандарттар, Омбудсмен институтының қызметі, сондай-ақ азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің рөлі туралы айтып берді.

        Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы адам құқықтарын қорғауға қатысты ережелерге ерекше назар аударылды. Артур Ластаев Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін, сондай-ақ сот арқылы қорғалу, жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдіктері мен азаптауға тыйым салу нормаларының күшейтілгенін атап өтті.

        Іс-шара соңында ашық пікірталас өтіп, оның аясында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1224960?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді