Әдістемелік бағыт: Іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін (ІӘӘТ) қалыптастыру Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 30 сәуірде облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кейс-сессиясы ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әдістемелік бағыт: Іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін (ІӘӘТ) қалыптастыру
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 30 сәуірде облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кейс-сессиясы ұйымдастырылды. Кейс-сессияға бастауыш сыныптарының облыстық әдістемелік бірлестік мүшелері мен білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мақсаты- Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін (ІӘӘТ) қалыптастырудың тиімді әдістемелерімен қаруландыру және нақты практикалық кейстер арқылы оларды сабақ үрдісіне енгізу жолдарын көрсету.
Вебинар жұмысында «Іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін қалыптастыру әдістемесі: практикалық кейстер» тақырыбына ерекше назар аударылды. Қазіргі білім беру жүйесінде балаға тек дайын білім беріп қана қоймай, оны ақпаратты өз бетінше іздеу мен өңдеу құралдарымен қаруландыру өте маңызды.
Педагогтар бастауыш сынып оқушыларына оқу міндеттерін өз бетінше қоюға және оларды шешу жолдарын жоспарлауға көмектесетін алгоритмдерді ұсынды.
Арнайы кейстер (жағдаяттық тапсырмалар) жүйесі арқылы мұғалімдер балалардың логикасын, сыни ойлауын және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті.
Ұсынылған кейстер мұғалімге әрбір сабақты зерттеуге айналдыра отырып, білім берудің жаңартылған мазмұнының талаптарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Вебинар қатысушылар ІӘӘТ-ті қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен оқуға деген ынтасын айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225396?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді