ӘСКЕРИ БОРЫШТАН ЖАЛТАРҒАНДАРҒА ЗАҢ ТАЛАБЫ ҚАТАҢ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында аудан әкімдігі, полиция бөлімі және аудандық қорғаныс істері бөлімінің ұйымдастыруымен бірлескен рейдтік іс-шаралар басталды.
 
📌 Шараның мақсаты – ел қауіпсіздігін нығайту және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев жастармен кездесіп, Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті парызы әрі абыройлы міндеті екенін атап өтті.
 
⚜️ – Туған жердің тыныштығы мен елдің амандығын сақтау – әрбір азаматтың қастерлі борышы. Әскер жас жігіттерді тәртіпке, төзімділікке, жауапкершілікке және елжандылыққа тәрбиелейді. Сондықтан Отан алдындағы міндеттен жалтармай, ел сенімін ақтау – нағыз ер азаматқа тән қасиет, – деді Бағдатбек Пердебайұлы.
 
✅ Рейд барысында жауапты сала мамандары жастарға әскери қызметтің маңызы мен заң талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, әскерге шақыру қағазын алғанымен, белгіленген уақытта келмей, әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтардың заң алдында жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
 
📍 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 647-бабына сәйкес, жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша дәлелсіз себеппен келмеген азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
 
✅ Ұйымдастырушылар рейдтік іс-шара бір ай көлемінде өткізілетінін айтып, жастардың бойындағы патриоттық рухты нығайту – басты міндеттердің бірі екенін жеткізді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1225250?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді