АНОНС !

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінде 2026 жылғы 4–21 мамыр аралығында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 8 сәуірдегі №79-НҚ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес, Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің (Көкшетау, Ерейментау, Ақкөл, Шортанды, Қорғалжын, Астрахан, Егіндікөл және Атбасар аудандық басқармалары) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 4–21 мамыр аралығында жүргізілді.

Осыған байланысты барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларды ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Жария талқылау 2026 жылғы 27 мамыр күні сағат 10:00-де Көкшетау қаласы, Кенесары көшесі, 14А мекенжайында орналасқан акт залында немесе «ZOOM» платформасы арқылы өтеді.

«ZOOM» платформасына қосылу сілтемесін алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:
+7 (7162) 26-46-58, +7 777 040 00 29.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары;
  2. Бақылау-қадағалау қызметі (тексерулерді тіркеу және жүргізу, тергеп-тексеру, бақылау сатып алуы, оның ішінде Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының тексерулерді тіркеуден бас тарту фактілері және өзге де мәселелер);
  3. Әкімшілік тәжірибені жүзеге асыру, оның ішінде жеке, лауазымды және заңды тұлғалардың кінәсін айқындаудың заңдылығы;
  4. Талап қою және сот-дауларын жүргізу жұмыстары, соның ішінде басқарма пайдасына шешілмеген сот актілері;
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібінің сақталуы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды заңсыз беру, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау;
  6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оның ішінде артықшылық көрсету фактілерін анықтау және қарау мерзімдерінің бұзылуы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225696?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді