
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Қазақстан Республикасында және Ақмола облысында кене арқылы жұғатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ кене энцефалиті мен боррелиоздың клиникасы және емдеу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында кене арқылы жұғатын инфекциялардың таралуы, олардың алдын алу шаралары және халықтың ақпараттандыру деңгейін арттыру мәселелері қаралды. Маусымдық қауіп-қатерлерге, сондай-ақ кене шаққан жағдайда медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кіріспе сөзді департамент басшысының орынбасары Галымбек Алин сөйлеп, профилактикалық жұмысты күшейту мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытудың маңызын атап өтті.
Эпидемиологиялық ахуал туралы баяндама жасаған Динара Мұратқызы Оспанова өз сөзінде өзекті статистикалық деректерді ұсынып, алдын алу жұмыстарының негізгі бағыттарына тоқталды. Ал дәрігер-инфекционист Виктория Викторовна Пичкунова кене энцефалиті мен боррелиоздың клиникалық көріністері, диагностикасы және емдеу тәсілдері туралы баяндап, ауруларды ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасының дәрігері Дауылбаева Несибельды Ермековна «Кене энцефалитінің зертханалық диагностикасы» тақырыбында баяндама жасап, инфекцияны анықтаудың заманауи әдістері мен диагноз қоюдағы зертханалық зерттеулердің рөліне тоқталды.
Семинар қорытындысында Галымбек Алин:
«Кене арқылы жұғатын инфекциялар халық денсаулығына елеулі қауіп төндіруде. Біздің негізгі міндетіміз — профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы жұқтыру қаупін төмендету және халық денсаулығын сақтау», — деп атап өтті.
Осындай іс-шаралар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225582?lang=ru

Жауап қалдыру