
Облыс прокуратурасы Абылай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттері мен №21 орта мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізді.
Іс-шара барысында прокурорлар қатысушылардың құқықтарын және қолданыстағы заңнаманың жекелеген нормаларын түсіндіріп, нақты құқықтық жағдайларды қарастырды.
Оқушылар мен студенттерге прокуратура органдарының қызметі және қызметке орналасу тәртібі туралы бейнеролик көрсетіліп. Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы заңнама талаптары, сондай-ақ №19Нормативтік қаулы және №38 Нормативтік қаулы талаптары түсіндірілді.
Сондай-ақ прокуратура ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылып, музейге бару арқылы қонақтар прокуратура органдарының құрылу тарихымен және олардың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысты.
Іс-шара жыл сайын өткізіліп келеді және құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі бастаманың бір бөлігіне айналды.
Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1225192?lang=ru

Жауап қалдыру