
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Маханованың төрағалығымен 18.05.2026ж Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандары және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерінің қатысуымен 2026ж. 1 тоқсан қорытындысымен семинар кеңес өткізілді.
Семинарда зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Қ.Сәрсенов 2026ж. 1 тоқсан қорытындысымен толықтыруға кері қайтарылған және тағайындаудан бас тартылған іс макеттердің себептері бойынша талдап, таныстырды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету спасын жақсарту мақсатында құжаттарды қабылдайтын маман өтініш берушінің ұсынған құжаттарының түпнұсқалығымен мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған құжаттардың сәйкестігін тексеруді, архив анықтамаларға және еңбек кітапшасындағы жазбаларға өзгерту жүргізілмеуін қадағалау жөнінде тапсырылды.
Семинар соңында зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау барысында туындаған мәселелер талқыланды және олар бойынша түсіндірме берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1225017?lang=ru

Жауап қалдыру