Бейнеуде құқық бұзушылықтың алдын алу кабинеті жұмысын бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу және қайталама қылмыстың деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық кабинет өз жұмысын бастады.

Кабинет аудандық полиция бөлімінің базасында ашылып, пробация есебінде тұрған азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Бейнеу аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Мұстафа Қамиев қатысып, дін саласына қатысты түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Бейнеу аудандық пробация бөлімшесінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Ақбаян Меңдіқұлова және Бейнеу аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ ОТЗЗҚК тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әсем Омарова бірлесіп, есепте тұрған азаматтарға заң талаптарын түсіндірді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтарды қоғамға бейімдеу, заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және қайталама қылмыстардың алдын алу.

https://www.instagram.com/reel/DYhzJe8Meyb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1225497?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді