Берік Уәли Үржардағы спорт және ауыз су инфрақұрылымының жайымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аймақ басшысы алдымен Үржар ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту жобасын көрді. Жоба аясында спорт нысаны заманауи талаптарға сай жаңартылып, көрермендерге арналған орындар мен инженерлік желілер ретке келтіріледі. Құрылыс жұмыстарын 7 ай ішінде аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ өңір басшысы Рауия Белеуханова көшесіндегі ауыз су құбырларын жаңарту жобасының барысын көрді. 1969 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан су желісін жаңғырту нәтижесінде 1360 тұрғын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтылады.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында. Жалпы құны 374,6 млн теңгені құрайтын жоба бойынша ұзындығы 1627 метр су құбыры тартылмақ.

Аймақ басшысы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1224953?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді