
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмасына сәйкес, аумақтық департаменттер есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын дәріптеуге, педагогикалық әдеп қағидаттарын нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамда азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.
Атқарылған жұмыс мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі білім берудің рөлін арттыруға және қоғамды жалпыұлттық құндылықтар төңірегіне топтастыруға бағытталған жүйелі шаралардың құрамдас бөлігіне айналды.
Аталған іс-шараларды іске асыру шеңберінде Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің алаңдарында педагогтердің, жұртшылық өкілдерінің, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің және басқа да тұлғалардың қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары мен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды
Кездесулер барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, заң үстемдігінің басты қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ педагогикалық қызметте кәсіби әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Педагогтердің жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру, кәсіби жауапкершілікті нығайту, академиялық адалдықты сақтау және білім алушылардың мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға және елдің тарихи мұрасына құрметпен қарауын тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шаралар аясында азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудағы педагогикалық қауымдастықтың маңызды рөлі атап өтілді.
Іс-шаралар кешенін жүзеге асыру азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыруға, педагогикалық қауымдастықтың кәсіби бірлігін нығайтуға, жауапкершілік мәдениетін дамытуға және Қазақстан Республикасы Конституциясының іргелі қағидаттары төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1225784?lang=ru

Жауап қалдыру