
Бүгін, 2026 жылғы 21 мамырда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 53 кезектен тыс сессиясы өтті. Аудан бюджетіне ұсынылған өзгерістер туралы «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Сессияда Абай ауданы бюджеттік комиссиясының құрамы бекітілді. Мәслихат депутаттары Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарына, сондай-ақ, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізді. Барлық қаралған мәселелер бойынша мәслихаттың шешімдері қабылданды. Сессияның жұмысына Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Н.Ж. Қайролла, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.К. Халел, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.С. Кенжебаев қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-abai/press/news/details/1225561?lang=ru

Жауап қалдыру