Бүгін мәдениет саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ұлттық рухани мұраны сақтау мен өңірдің мәдени өмірін дамытуға қосып жүрген зор үлесін ерекше атап өтті.

«Біздің өңір – облыс абыройын асқақтатып, есімін елге және шетелге танытқан талай дарынды тұлғаны түлетіп шығарған киелі мекен. Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, зиялы қауымның, кітапхана, музей, мәдениет үйлері мен театр қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында халқымыздың бай рухани мұрасы сақталып жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына жоғары «Академиялық» мәртебе беру жөнінде бастама көтерді. Бұл – театр ұжымының қажырлы еңбегіне, шығармашылық жетістіктеріне және өңірдің мәдени қауымдастығына көрсетілген зор құрмет пен жоғары баға»,- деді өңір басшысы.

Өңірде мәдениет саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Жаңа жобалар жүзеге асырылып, мәдениет нысандары жаңғыртылуда, дарынды жастар мен шығармашылық ұжымдарды қолдауға қолайлы жағдай жасалуда. Соңғы екі жылда облыста заманауи жеті мәдениет нысаны пайдалануға берілсе, бес жыл ішінде сала қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артты.

Салтанатты жиын барысында мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1225867?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді