Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.С. Жаркешов жұмыс сапарымен «Щучинский гормолзавод» ЖШС-нің бордақылау алаңына барып, кәсіпорынның қызметімен және етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.С. Жаркешов жұмыс сапарымен «Щучинский гормолзавод» ЖШС-нің бордақылау алаңына барып, кәсіпорынның қызметімен және етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда алаңда ангус, герефорд және қазақтың ақбас сиыры тұқымдарын қоса алғанда, 7 мыңнан астам ет бағытындағы ірі қара мал ұсталады. Кәсіпорында 70-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Щучинский гормолзавод» ЖШС — KazBeef компаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1225768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді