Бүгінгі профилактика — ертеңгі қызметкерлер қауіпсіздігі: Қарағанды облысында еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша брифинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еңбек қауіпсіздігі және өндірістік жарақаттанудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.

Кездесу барысында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Медеу Арынұлы Ахметов өңірдегі өндірістік жарақаттану ахуалы, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар, сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

Брифинг барысында кәсіпорындардағы қауіпсіздік шараларын күшейту, профилактикалық бақылау жүргізу, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1225657?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді