
Жаңаталап орта мектебінің оқушылары “Дене шынықтыру” пәні бойынша өткен олимпиадаға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Білім мен спортты ұштастырған оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, мектеп мерейін үстем етті.
Олимпиада барысында қатысушылар теориялық және практикалық кезеңдер бойынша сынға түсіп, өздерінің шапшаңдығы мен білімдерін көрсете білді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болып, спортта да, білімде де толағай табыстарға жете беріңіздер!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1225620?lang=ru

Жауап қалдыру