«Digital Volunteer Aqtobe»: цифрлық сауаттылыққа жаңа қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 мамыр күні «Digital Volunteer Aqtobe» цифрлық сауаттылық және онлайн волонтерлік мектебі өз жұмысын бастап, 20 мамырда жалғасын тапты.

Шараның алғашқы күні мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта өтті.

Бастама Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан «Облыста еріктілікті насихаттау мен дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Қатысушылар жобаның ережелерімен танысып, топтарға бөлінді. Бағдарлама аясында «Aqtobe IT HUB» менеджері Сүндетов Серік Қайырұлы жастармен кездесіп, мемлекеттік саладағы цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік және IT саласының мүмкіндіктері жөнінде тәжірибелік ақпаратпен бөлісті.

Сонымен қатар қатысушылар Ақтөбе облысы әкімдігінің «109» ахуал орталығының жұмысымен танысып, тұрғындар өтініштерімен жұмыс істеу жүйесі мен цифрлық қызметтердің жүзеге асырылу барысын көрді.

Жоба жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, онлайн қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және белсенді цифрлық волонтерлер қатарын дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1225187?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді